Құрметті келушілер!
Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша 2025 жылғы 13 мамырдан бастап «Алма-Арасан» автотұрағынан радон бұлағына дейінгі бағытта кешенді жаңғырту жұмыстары басталды.
Жоба аясында соқпақ жолды қайта жөндеу, бұлақ маңындағы инфрақұрылымды жаңарту, жарқабақтарды бекіту, жаңа көпірлер, баспалдақтар мен ағаш төсемелер орнату, демалуға арналған жайлы аймақтар құру жоспарланған.
Біздің басты міндетіміз – туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Осыған байланысты 2025 жылғы 13 мамыр мен 3 маусым аралығында радон бұлағы жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін жабық болады. Ал 3 маусым мен 3 шілде аралығында бағыт толықтай жабылады, себебі бұл кезеңде ескі көпірлерді бұзу және құрылыс жұмыстарының негізгі бөлігі жүзеге асырылады.
Демалыс күндері бағыт ашық болады, тек кейбір учаскелерде жұмыстар жалғасуына байланысты шектеулер қойылуы мүмкін.
Бұлақ маңында тау жыныстарының құлау қаупіне қарсы шаралар жүргізіледі: жарқабақтарды тазалау, анкерлік жүйелер орнату және металл торлармен бекіту көзделген.
Жаңғырту жұмыстарын 2025 жылғы 31 шілдеге дейін аяқтау жоспарлануда.
Жөндеу аяқталғаннан кейін бұл бағыт барлық жастағы туристер үшін қауіпсіз, және экологиялық қолайлы болады.
Осы аумаққа барар уақытта уақытша шектеулерді ескерулеріңізді сұраймыз.
