Құстар біздің досымыз

Дарын инновациялық мектебінің білімгерлері «Табиғатты аялайық», жобасы мен «Парктер шеруі» экологиялық табиғат қорғау акциясы аясында Талғар қаласында орналасқан Алматы мемлекеттік табиғи қорығы және Іле-Алатауы МҰТП, Талғар филиалы мен бірлесіп, «Құстар біздің досымыз» атты экологиялық іс шара өткізді. Жоба барысында білімгерлеріміз қорық мұражайындағы аң-құстардың, флора мен фаунаның құрылысымен танысып, қызықты мағлұматтар алды.
Сонымен қатар, жылы жақтан ұшып келетін құстарымызға арнап оқушыларымыз ұялар сыйға тартып, арнайы қабырға газетін шығарып, өлең жолдарын оқыды.