«Қыс мезгілінің жабылуы»

Әр мезгілдің өзіне тән ерекшеліктері мен әсемділігі болады. Айнала түрленіп, әр түрлі бояуға оранып, өзінше бір кереметке бөленеді. Іле – Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Талғар филиалы «Қыс мезгілінің жабылуы» атты іс-шараны Талғар қаласының әкімдігімен,
Славян орталығының «Достар» ансамблінің, Талғар қаласының оқушыларының қатысуымен өтті. Қатысушылар қыс мезгілімен қоштасып көктемді қарсы алып, мерекелік іс шараны ән айтып, өлең оқып, сурет көрмесін ұйымдастырып, викториналық сұрақтар қою арқылы өткізді.
Іс-шараның мақсаты: Балалардың қыс мезгілі туралы түсінігін кеңейту. Қыс мезгілінің сұлулығын тамашалай отырып, табиғаттың ерекшелігін сезінуге үйрету, көркемдік талғамын, ой-өрісін дамыту. Дәстүрлі емес әдіс- тәсілдерді пайдалана отырып қыстағы жапырақсыз қар жамылған ағаштардың суретін сала білуге, бізді қоршаған табиғатты аялауға, әсемдікті сезініп, көре білуге тәрбиелеу.