«Қысқы табиғат аясы» атты іс-шара

Оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру, әсемдікті көре білуге, табиғатты қорғап аялауға үйрету, қыс туралы түсінік беру, қыс мезгілінің ерекшелігін түсіндіру мақсатында Қаскелең және Үлкен Алматы орманшылықтары мен Аюсай шатқалында №188 мектеп гимназиясы, №192 ЖББ мектептің оқушылары мен ұстаздары «Қысқы табиғат аясында» атты кезекті іс-шараға қатысты. Оқушылар Аюсай визит орталығымен танысып, сарқырамаға саяхат жасап, ұлттық парк аумағындағы сырғанақ алаңдарына барып түрлі ойындар ойнап қыс қызығын тамашалады. Іс-шарада қысқы ойындар арқылы түсініктерін байытып, табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттырып, ойын арқылы балаларды сабырлыққа, ептілікке, шапшаңдыққа, жылдамдыққа, сондай-ақ өз жолдастарына деген қайырымдылық сезіміне тәрбиелеу болды.