“Қызғалдақтар фестивалі”

Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің эколог-ағартушылары С. Абилова, П. Сайлаукенова, ғылыми зерттеу бөлімінің маманы Т. Жапарқұлов, мектеп орманшылығы оқушыларымен «Парктер шеруі-2024» халықаралық табиғат қорғау акциясы аясында «Қызғалдақтар фестивалі» атты мерекелік іс–шара өткізді. Фестивальға Алматы қаласының мектеп оқушылары қатысып, «Көктемнің алғашқы гүлдері» тақырыбына сурет салу, сән үлгісі, өнер көрсету, білімдерін шыңдау байқауларына қатысты. Іс-шара соңында жеңімпаздарға мақтау қағаздарымен сыйлықтар табыс етілді.
Осы фестивальға тыңғылықты дайындалған мектеп ұжымы мен қатысушы жасөспірімдердің еңбегі айдан анық көрінеді. Қызғалдақтар күніне орай мектеп оқушылары ән айтып, би билеп өз өнерлерін көрсету арқылы табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін білдірді.
Мақсаты: Табиғатқа деген сүйіспеншіліктің арқасында жас ұрпақтарымыздың ізгі іске бет бұрыстарын арттырып, жанашырлық таныту, ұлттық құндылығымызды сақтай білуге тәрбиелеу.