Қызыл кітапқа енген өсімдіктер

Гүлдің патшасы саналатын қызғалдақтардың қызыл кітапқа енген Островский және Колпаковсий түрлері Іле-Алатауларының таулы аймақтарында да өседі. Жылына бір рет он, он бес күн ғана гүлдейтін қызғалдақтар тау жоталарын қызыл кілемге орайды. Жыл сайын қызғалдақты дәріптеп кейінгі ұрпаққа жеткізу мақсатында іс-шаралар өткізіліп тұрады. Ғалымдардың айтуы бойынша әлемде қызғалдақтың үш мың түрі бар. Ал Қазақстанда соның отыз бес түрі өседі, оның он екі түрі қазақ даласында өсетін түрі болып саналады.
Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ғылыми зерттеу бөлімінің маманы Т.Жапарқұлов, эколог–ағартушылар С.Абилова, П.Сайлаукенова «Парктер шеруі–2024» халықаралық табиғат қорғау акциясына орай, Ақсай филиалы, Долан сайында №188 мектеп гимназиясының мектеп орманшылығы оқушыларымен ұлттық парк аумағында өсетін қызыл кітапқа енген өсімдіктер мен мекен ететін жануарлар, солардың ішіндегі қызыл кітапқа енген қызғалдақтарта аса көңіл бөлініп іс-шара өткізді. Іс-шара аясында табиғи өсіп тұрған өсімдіктерді көру арқылы оқушыларға мәліметтер берілді.
Іс-шараны қорытындылай келе оқушылардың алған білімдерін шыңдау мақсатында сөзжұмбақ шешіп, сұрақтар қойылды.
Мақсаты: Оқушыларға ұлттық парк аумағындағы қызыл кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктер жайлы мәлімет беру, білімдерін шыңдау.