Іле–Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің орталық мекемесінде орналасқан «Алатаудың тылсым әлемі» атты визит орталығына №169 мектеп лицейінің оқушылары, қызыл кітапқа енген жануарлар мен құстар жайлы дәріс сабақ және экскурсияға қатысты. Оқушылар ұлттық парк жайлы пайдалы ақпараттарды біліп қоймай, табиғатты қорғауды, қоршаған ортаға құрметпен қарауды үйреніп, пайдалы мәліметтер алып, сұрақтар қойып өз ойларымен бөлісті.