🔹«Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесінің ұжымы барша Қазақстан халқын Республика күнімен шын жүректен құттықтайды!
Бұл мереке — еліміздің тәуелсіздігі мен тұтастығын, халықтың бірлігі мен бейбіт өмірге деген ұмтылысын айшықтайтын айрықша күн. Республика күні – әрбір қазақстандықтың жүрегінде Отанға деген сүйіспеншілікті, туған жерге деген мақтаныш сезімін ұялатады.
Біздің басты борышымыз – табиғатты аялау арқылы туған еліміздің игілігіне қызмет ету, ұлт мұрасын келешек ұрпаққа таза әрі көркем күйінде табыстау.
Баршаңызға мықты денсаулық, толайым табыс пен отбасылық амандық тілейміз!
Еліміз аман, жеріміз тыныш, табиғатымыз мәңгі жасыл болсын!
Мереке құтты болсын! 🇰🇿
— «Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ ұжымы