Іле-Алатау МҰТП аумағында өсетін Сиверс алмасының табиғи ареалын және генетикалық ресурстарын сақтау мақсатында Түрген филиалы, Маловодный орманшылығы Кузнецово шатқалында “ Сиверс алмасы” ғылыми-танымал соқпағын және А.Ж. Джангалиевке кіші музей-үйін ашу жоспарлануда. Соқпақты абаттандырып , Джангалиевке кіші музей -үйін ашылуына көмекгін көрсетуге ұлттық парк демеушілері Helios компаниясы келісті.
Болашақ соқпақтың жұмысын жоспарлау бойынша ұлттық парк бас директоры Е. М. Ахметов және “Helios” компаниясы бас директоры Сарсенова Д. және Ұлттық парк мамандары мен демеушілер Маловодный орманшылығында соқпақты абаттандырып, Сиверс алмасына атқарылып жатқан қорғау жұмыстарына елдің, халықтың назарын аудару керектігін маңызды екенін атап, демеушілер көмегін көрсетуге дайындығын білдірді.