«Су анасы – Бұлақ»

«Су анасы – Бұлақ», «Бұлақ көрсең, көзін аш».
Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі «Парктер шеруі» акциясы аясында бұлақтардың көзін ашып, айналасын тазартып, оған тұрақты тазалық жұмыстарын жүргізу жұмыстардың бірі Талғар филиалы, Көкбастау орманшылығында ұлттық парктің эколог-ағартушылары мен мемлекеттік инспекторлар, Ю.Гагарин атындағы №8 мектеп лицейінің оқушыларының қатысуымен өтті. Оқушылар орманшылықтың жұмыстарымен де танысып, бұлақтардың көзін ашуға ат салысты.
Мақсаты: Тіршілік көзіне судың берер маңызы өте зор болғандықтан, су көздерінің тартылып кетпеу мақсатында адамзатқа дұрыс түсінік қалыптастыру.