Бүгін, Түрген ауылдық окргіндегі Іле Алатау МҰТП Түрген филиалының ғимаратында Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын жүзеге асыру мақсатында аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен кездесу өткізілді.
Кездесудің мақсаты:
• Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру;
• Қоғамда сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылықтың алдын алу, құқық бұзушылыққа «нөлдік» төзімділікті қалыптастыру бойынша халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу;
• Сыбайлас жемқорлықтың мүмкіндіктерін болдырмау;
Арнайы шақырылған спикер: Алматы қаласы, Медеу аудандық сотының судьясы, медиация тренері Куйкабаева Динара Бекеновна
Нысаналы аудитория: Іле Алатау МҰТП Түрген филиалының қызметкерлері!