«Табиғатқа деген сүйіспеншілік»

«Табиғатқа деген сүйіспеншілік»
Алматы қаласы Әбілхан Қастеев атындағы өнер мектебінде білім алушы оқушылар, Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің эколог-ағартушыларымен «Парктер шеруі-2024» экологиялық табиғат қорғау акциясы аясында, Каменск орманшылығы Бутаковка шатқалында «Табиғатқа деген сүйіспеншілік» тақырыбына іс-шара өткізді. Іс-шара барысында ұстаздары Р.Жакыпованың бастауымен кішкентайынан сурет салғанды жаны сүйетін оқушылар табиғат аясындағы көріністі қағаз бетіне түсіруге кірісіп те кетті. Оқушылар осындай орталықта білім алатындықтарына, табиғат аясында сурет салғандарына қуанышты екендерін де жеткізіп жатты. Эколог-ағартушылар балаларға ұлттық парк жайлы түсінік жұмыстарын жүргізіп, келешек ұрпақты табиғатты аялауға шақырды.
Мақсаты: Балалардың шығармашылығын дамытуға, бейнелеу өнері, техника және дизайн, сондай-ақ, табиғатты сүйе білуге тәрбиелеу.