Табиғатты аялау мақсатында оқушылар экологиялық көрме ұйымдастырды

Экологиялық мәдениетті қалыптастыру мектеп қабырғасынан басталады. Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Талғар филиалының мамандары Талғар ауданы Тұрар Рысқұлов атындағы №16 орта мектебінің оқушыларымен «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясын өткізді. Оқушылар орта сыныпта қоқыстарды сорттап іріктеп үйренсе, ал жоғарғы сыныпқа барғанда олар арнайы экологиялық жобаларды қорғауға дағдыланады. Табиғатты аялау мақсатында оқушылар экологиялық көрме ұйымдастырды.