Талғар орманшылығында орман өрті сөндірілді.
2025 жылғы 30 маусым күні сағат 06:50-де Іле-Алатау Ұлттық паркінің Талғар филиалы, Талғар орманшылығының 15-орам, 52-телімінде орман өрті тіркелді. Өртті алғашқы болып 20-айналым инспекторы байқап, дереу басшылыққа хабар беріп, 19-айналым инспекторымен бірге жедел түрде оқиға орнына жеткен.
Өртті сөндіруге 42 маман, 11 бірлік техника және 2 қызметтік жылқы жұмылдырылды. Атап айтқанда:
▪ Іле-Алатау Ұлттық паркінен – 17 адам, 9 техника, 2 жылқы
▪ Талғар аудандық ТЖ департаментінен – 18 адам, 2 техника
▪ Қазавиаорманқорғаудан – 7 маман
Орман өрті сағат 11:45-те тоқтатылып, 15:40-та толықтай сөндірілді. Өрт аумағы – 0,003 гектарды құрайды.
Табиғатты қорғаудағы жедел әрекет пен бірлескен жұмыс нәтижесінде өрттің таралуына жол берілмеді.
#ІлеАлатауҰлттықПаркі #ОрманӨрті #ТалғарФилиалы #ТЖД