Талғар орманшылығында орман өрті сөндірілді 2025 жылғы 30 маусым күні сағат 06:50-де Іле-Алатау Ұлттық паркінің Талғар филиалы, Талғар орманшылығының 15-орам, 52-телімінде орман өрті тіркелді.

Талғар орманшылығында орман өрті сөндірілді 2025 жылғы 30 маусым күні сағат 06:50-де Іле-Алатау Ұлттық паркінің Талғар филиалы, Талғар орманшылығының 15-орам, 52-телімінде орман өрті тіркелді. Өртті алғашқы болып 20-айналым инспекторы байқап, дереу басшылыққа хабар беріп, 19-айналым инспекторымен бірге жедел түрде оқиға орнына жеткен. Өртті сөндіруге 42 маман, 11 бірлік техника және 2 қызметтік жылқы жұмылдырылды. Атап айтқанда: Іле-Алатау Ұлттық паркінен – 17 адам, 9 техника, 2 жылқы Талғар аудандық ТЖ департаментінен – 18 адам, 2 техника Қазавиаорманқорғаудан – 7 маман Орман өрті сағат 11:45-те тоқтатылып, 15:40-та толықтай сөндірілді. Өрт аумағы – 0,003 гектарды құрайды. Табиғатты қорғаудағы жедел әрекет пен бірлескен жұмыс нәтижесінде өрттің таралуына жол берілмеді. #ІлеАлатауҰлттықПаркі #ОрманӨрті #ТалғарФилиалы #ТЖД #Экология #Қауіпсіздік