«Таза өлке» экологиялық акциясы мен Дүниежүзілік туризм күніне орай Алматы мемлекеттік табиғи қорығы мен Іле Алатауы ұлттық табиғи паркі бірлесіп, ауқымды тазалық іс шарасын ұйымдастырды.
📍 Акцияға қос мекеменің қызметкерлері мен Tamos Education математикалық мектебінен келген 180-нен астам мектеп оқушылары қатысты. Балалар үлкен қуанышпен қоқыстарды жинап, табиғатты тазартуға өз үлестерін қосты.
💚Бұл шара қоршаған ортаны тазартумен қатар, жас ұрпақтың экологиялық санасын арттыруға бағытталған маңызды бастама болды. Бұл күн табиғатқа деген қамқорлық пен ынтымақтастық рухында өтті.