Қазақстан Республикасы Президентінің бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Ақсай филиалына қарасты Қаскелең орманшылығында Алматы облысы әкімдігімен бірлескен ауқымды экологиялық іс-шара өткізілді.
Аталған акция барысында қоршаған ортаны қорғау және жасыл желекті көбейту мақсатында қайың ағаштары отырғызылды. Іс-шараға қатысушылар белсенділік танытып, табиғатқа деген жанашырлықтарын көрсетіп, туған жердің көркеюіне өз үлестерін қосты.
Сонымен қатар, «Парктер шеруі» табиғат қорғау акциясы аясында да ұлттық парк аумағында осындай игі бастамалар жүйелі түрде ұйымдастырылып, табиғатты сақтау мен экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытындағы жұмыстар қарқынды жалғасуда.
Іс-шараға Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев қатысып, акцияның маңыздылығына тоқталып, барша қатысушыларды табиғатты қорғау ісіне белсенді атсалысуға шақырды.