2026 жылғы 01 тамыз күні «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы және «Заң мен тәртіп» іс-шарасы аясында “Түрген ауылдық округінің әкімі аппараты” ММ-нің Іле-Алатауы ұлттық табиғи паркі-Түрген филиалының, Алматы облысы және Еңбекшіқазақ ауданы төтенше жағдайлар бөлімдерінің қызметкерлерімен бірлескен профилактикалық іс-шара өткізілді.
Іс-шара барысында Түрген шатқалына келушілер мен демалушыларға өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау, Түрген өзені маңындағы қауіпсіздік ережелерін сақтау және төтенше жағдайлардың алдын алу жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, арнайы ақпараттық брошюралар таратылды.
Сонымен қатар, қоршаған ортаның тазалығын сақтау мақсатында демалушыларға қоқыс жинауға арналған қаптар мен қолғаптар үлестірілді.
Іс-шара соңында Түрген ауылдық округінің әкімі Ж.Искелдиева табиғатты аялауға үлес қосқан демалушыларға ризашылығын білдіріп, осы әсем табиғат аясындағы демалыстан естелік ретінде еліміздің символдарының бірі – «Қазақстан» тәттісін тарту етті.
Табиғатты қорғау – әрбір азаматтың ортақ міндеті. Осындай игі мақсаттарды баршамыз бірге ұстанып, қоршаған ортаны қорғауға өз үлесімізді қосайық!