“Таза Қазақстан”

Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі Түрген филиалында “Парктер шеруі” және “Таза Қазақстан” акциясы аясында көктемнің Қызыл кітапқа енген гүлдеріне арналған экологиялық іс-шара өтті. Іс-шараға Таутүрген, А.Жексенбеков, М. Ломоносов атындағы мектептердің оқушылары, Түрген ауылы “Аналар” кеңесінің төрайымы, “AMANAT” бастауыш партия ұйымының төраға орынбасары, ұлттық парк қызметкерлері белсенді қатысты. Оқушылар өз өнерлерін көрсетіп, көктем гүлдеріне арнап ән шырқап, би билеп, викториналық сұрақтарға жауап беріп, ерекше белсенділік танытты. Табиғатты бірге қорғайық!

#ПарктерШеруі2025 #ТазаҚазақстан #ІлеАлатауы #МҰТП #ҚызылКітап #Экосана #ЖасТабиғатҚорғаушылар