Маралсай шатқалында ел болашағы мен табиғат тағдырына бейжай қарамайтын азаматтардың қатысуымен кең ауқымды экологиялық шара – «Таза Қазақстан» акциясы өтті. Іс-шара «AMANAT» партиясының Талғар аудандық филиалы мен Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Талғар, Медеу, Ақсай және Түрген филиалдарының бастамасымен, Талғар ауданы әкімдігі, Жастар ресурстық орталығы, «Біздің заман» шығармашылықты қолдау және дамыту орталығы, «Malika» би студиясы және «Маралсай» демалыс үйінің қолдауымен ұйымдастырылды.
Экологиялық науқанның басты мақсаты – қоғамда табиғатты сүю, тазалық пен тәртіпке баулу, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарау мәдениетін қалыптастыру. Қатысушылар шатқал маңындағы қоқысты жинап, табиғи ортаның тазалығына өз үлестерін қосты. Жастарға арналған экологиялық түсіндіру жұмыстары мен мотивациялық әңгімелер де шараның маңызын арттыра түсті.
Бұл акция тек тазалықты сақтау ғана емес, елдің экологиялық болашағына бағытталған ұлт жауапкершілігінің жарқын көрінісі болды. «Таза Қазақстан» – табиғатты қадірлеуге, экологиялық тепе-теңдікті сақтауға, ұрпаққа таза әрі жарқын болашақ қалдыруға үндейтін өміршең бастама.