Таза Қазақстан

Біз бұл ақпаратты аса жария етпедік, бірақ осы демалыс күндері @unicefkazakhstan және @wildnature.volunteers еріктілер қауымдастығымен бірлесіп Іле-Алатау ұлттық паркінде сенбілік өткіздік. 🏔

Тіркеу біздің арналарда ресми түрде жарияланбай тұрып-ақ бірінші күні-ақ жабылды — жалпы шараға 50-ден астам ерікті мен үйлестіруші, сондай-ақ орманшылар мен парк қызметкерлері қатысты.

Біздің тұрақты серіктестеріміз — Recycle Birge және Ecosen — үлкен көмек көрсетті. Оларсыз сенбілік экологиялық әрі дұрыс жабдықталған болмас еді. @recycle.birge және @recycle.birge.qaz ұсынған қалдықтарды сұрыптау бойынша нұсқаулықтар мен қауіпсіздікке арналған қолғаптар үшін зор алғысымызды білдіреміз. @ile_alatau_nationalpark ұжымы Аюсай шатқалындағы тазалық жұмыстарына белсенді қолдау көрсетті.

🌿 Нәтижелер әрі әсерлі, әрі ойландыратын: 12 қап пластик, 7 — шыны, 2 — алюминий, олар @ecosen.kz арқылы қайта өңдеуге жіберілді. Сонымен қатар, 17 қап өңдеуге келмейтін қалдық жиналды.

Біздің командаға ерекше алғыс: Эл, Дана, Ерсаин, Динара, Дархан, Катя, Владимир және кішкентай Алимок.

Сенбі күні бізбен бірге болған және таудағы #тазатау #неоставляйследов #leavenotrace қағидаларын қолдайтын барлық қатысушыларға алғысымыз шексіз. Сіздердің күш-жігерлеріңіздің арқасында біз табиғаттың сұлулығын сақтап, оны келер ұрпаққа таза күйінде жеткізу жолында үлкен қадам жасадық.

Бізге және достарымызға жазылыңыздар, табиғат пен адамдар игілігі үшін әрекет етуге дайын қауымдастыққа қосылыңыздар. Сіздердің WNV🌱

📷 Фото: @barsuklis 🎬 Монтаж: @katarina.wolfff