5 маусым Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі Ақсай филиалының ұйымдастыруымен №188 мектеп-гимназиясының “Эко-Әлем” мектеп орманшылығы мүшелерінің қатысуымен “Таза Қазақстан – таза болашақ” атты экологиялық челлендж өтті.
Іс-шара аясында оқушылар, студенттер мен еріктілер бұлақ көзін ашып, тазалық жұмыстарын жүргізді. Табиғатты аялауға бағытталған шараға жалпы саны 50 адам қатысты.
Қоршаған ортаны қорғау – әрқайсымыздың ортақ борышымыз!