«Таза Қазақстан – таза болашақ» республикалық телемарафоны: Іле-Алатауынан жыл басынан бері 180 тонна қоқыс шығарылды

Эко-акциясы аясындағы сенбіліктер тұрақты ұйымдастырылып келеді.

Түргенсай шатқалында апта сайын еріктілер мен студенттер тазалық жұмыстарын жүргізеді. Қоқыстар сұрыпталып, қайта өңдеуге жіберіледі.

47 гектар аумаққа 139 мыңнан астам ағаш егілді. Олардың қатарында Шрен шыршасы да бар – бұл орман алқаптарын қалпына келтіру жұмыстарының бір бөлігі.

Өткен жылы ұлттық паркке 830 мың турист келген. Биыл бұл көрсеткіш 1 миллионға жетуі мүмкін, дейді мамандар.