“Таза Қазақстан” және “Парктер шеруі” акциясы аясындағы ерекше бастама!
Іле-Алатауы МҰТП Талғар филиалы Талғар орманшылығы аумағында орналасқан “Oi-Qaragai” демалыс аумағында Талғар филиалының қызметкерлерінің ұйымдастыруымен “Құзға өрмелеу” атты экологиялық-спорттық шара өтті.
Қатысушылар: KAU School оқушылары ДО-ДО пицца орталығының қызметкерлері Қазақ ұлттық аграрлық университетінің студенттері -“Oi-Qaragai” ЖШС қызметкерлері Талғар филиалының қызметкерлері Акцияның мақсаты — жазғы туризмді дамыту, жасөспірімдер арасында таулы туризм мен салауатты өмір салтын насихаттау.
Қатысушылар құзға өрмелеу, таулы маршруттарда жүріп өту, табиғатты қорғау және экологиялық мәдениетті бойға сіңіру бағытында белсенділік танытты.