Таза Қазақстан

Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі Талғар филиалында, Рысқұлов атындағы №16 жалпы білім беретін мектепте “Таза Қазақстан” және “Парктер шеруі – 2025” акциялары аясында экологиялық тәрбиеге бағытталған іс-шара өтті. Еліміздің болашағын жалғастыратын жасөспірімдер мен оқушыларды өз елін, жерін сүюге, қорғауға баулу, патриоттық жас азаматтарды тәрбиелеу және табиғатты аялауға үндеу мақсатында біртұтас тәрбие бағдарламасын орындау — “Қамқор” жобасының негізі болды. Іс-шараға ұлттық парк қызметкерлері қатысып, балаларға табиғатты қорғау мен аялау жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, олардың экологиялық білімдерін шыңдады.