ТҮРГЕН ШАТҚАЛЫНДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК — БАҚЫЛАУДА!

2025 жылғы 20 маусымда Еңбекшіқазақ ауданының ТЖБ қызметкерлері Түрген шатқалында сел және өрт қауіпсіздігі бойынша кешенді профилактикалық іс-шара өткізді.

Өзен жайылмасында орналасқан демалыс нысандарына ерекше назар аударылды.
Арнадан 25 м-ден жақын маңда орналасқан нысандар сел жүруі жағдайында адам өміріне қауіп төндіреді.
Сондай-ақ, өрт қауіпті маусымда от жағуға, мангал қолдануға жол берілмейді.

Кәсіп иелеріне:
Қауіпсіздік талаптары түсіндірілді
Жадынамалар таратылды
Әкімшілік жауапкершілік туралы ескерту берілді

Түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жалғасады.
Табиғаттағы қауіпсіздік — ортақ міндет!

Алматы облысы ТЖД
#ТЖАлматыоблысы #селқауіпі #өртқауіпсіздігі #Turgen #Kazakhstan #ТЖМ