Түркістан сілеусіні

📌 Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында сирек кездесетін жыртқыш – Түркістан сілеусіні (Lynx lynx isabellinus) кездесті.

Ақсай филиалының инспекторлары жүргізген рейд барысында Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген бұл жануар бейнежазбаға түсірілді. 📸

Әдетте тек фототұзақ арқылы тіркелетін сілеусін бұл жолы небәрі 5–10 метр қашықтықтан кездесті.

Аталған оқиға ұлттық парк аумағындағы биоалуантүрліліктің сақталуын және табиғатты қорғау шараларының тиімділігін айқын көрсетеді. 🌿

#ІлеАлатау #МҰТП #ҚызылКітап #ТүркістанСілеусіні #ҚазақстанТабиғаты