Түсініктеме жұмыстары жүргізілді

Қазіргі кезде «Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің» таулы аумақтарында ауа райының жылуына байланысты қар көшкіні әр жерлерде жүріп жатыр. Осыған орай ұлттық парк қызметкерлері тұрғындар мен парк қонақтарына қар көшкініне байланысты түсініктеме жұмыстарын жүргізуде. Демалушылар және туристтерге қар көшкіні басым жерлерге бармауларын, сақтық шараларын сақтауды түсіндіруде.