Турген шатқалындағы жол уақытша жабылды 2025 жылғы 1–15 мамыр аралығы

? Түрген–Обсерватория бағытындағы 27-шақырымнан бастап Қайрақты сарқырамасына дейінгі жол учаскесі уақытша жабылды. Тау беткейлеріндегі қардың еруі мен сел қаупінің артуына байланысты, көпірлер мен жол жиектерінің шайылу қаупі туындады. Бұл шара демалушылар мен туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қабылданды.

? Кезекшілік уақыты:

Таңғы 08:00-ден кешкі 18:00-ге дейін ұлттық парк инспекторлары мен басқа да құзырлы органдардың қызметкерлері кезекшілік атқарады.

ℹ Қосымша ақпарат:

Жолдың жабылуы туралы толық ақпаратты және басқа да мәліметтерді алу үшін ұлттық парк әкімшілігіне хабарласыңыз.