“Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі” РММ-де Үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті

2025 жылғы 8 сәуірде “Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі” республикалық мемлекеттік мекемесінде Үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өткізілді.

Отырыстың барысында кеңес мүшелері ұлттық парктің жаңа бас директоры Ахметов Елнұр Мұхамеджанұлымен танысып, парк қызметінің негізгі бағыттары, жүргізіліп жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарлар талқыланды.

Жиын шеңберінде экологиялық бастамалар, туризмді дамыту, инфрақұрылымды жақсарту, сондай-ақ Үйлестіру кеңесі мүшелерінің бірлескен іс-қимылдары мен жауапкершілігіне қатысты маңызды мәселелер көтерілді.