Үлкен Алматы көліне апаратын жаяу маршрутты абаттандыру

Алматы қаласының әкімдігі мен Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің бірлескен жобасы аясында Үлкен Алматы көліне апаратын «Мәрмәр» жаяу маршруты абаттандырылып жатыр. Жұмыстарды 2026 жылғы қарашаның соңына дейін аяқтау жоспарланған.

Ұзындығы 5,3 шақырым болатын соқпақ ретке келтіріліп жатыр. Маршрут бойына бағыттаушы белгілер мен орындықтар орнатылып, демалыс орындары жабдықталуда. Көл маңында көріністі тамашалауға арналған шолу алаңы жасалып жатыр.

Жобаның мақсаты — табиғи ландшафтты сақтай отырып, ұлттық паркке келушілердің қауіпсіз әрі жайлы серуендеуіне жағдай жасау.