Үлкен Алматы шыңына 30 жылдық рәміздік ту орнатылды✅

Үлкен Алматы шыңына 30 жылдық рәміздік ту орнатылды✅

Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің 30 жылдығына арналған іс-шара аясында тікелей телемост ұйымдастырылды.
Телемост барысында ұлттық парктің мемлекеттік инспекторлары 30 жылдық рәміздік туды теңіз деңгейінен 3684 метр биіктіктегі Үлкен Алматы шыңына салтанатты түрде орнатты.
Бұл бастама Іле-Алатауы ұлттық паркінің табиғатты қорғау саласындағы 30 жылдық қызметін, мемлекеттік инспекторлардың еңбегін және таулы экожүйелерді сақтау жолындағы жауапкершілікті айқындайтын маңызды оқиға болды.