Үнді жайрасының ерекше кездесуі

Үнді жайрасының Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында тамыз айында екі бірдей дарағы ұялы телефон бейнесіне түсірілді. Авторы белгісіз, Қаскелең қаласы тұрғындарының бірі орманшылылықтың жетекшісіне түсіріп жіберген. Аталған аумақта далалық жұмыстар жүргізілді. Алдағы уақытта інінің маңайына фотоқақпан орнатылады. Бұған дейін тек жалғыз дарақтан кездесіп жүрген болатын. Бұл бейне арқылы үнді жайрасының өнімінің молаюын байқауға болады. Үнді жайрасы Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағының Ақсай, Медеу филиалдарының бірнеше шатқалдарында, оған іргелес Алматы облысы, Әкімшілік аумағының оңтүстікке қарай жерлерінде кездеседі. Күндіз көрінбейтіндіктен, түн қараңғысындағы аңның ұшырасуы өте сирек болады.

 

Үнді жайрасы (лат. Hystrix indica, 1792) – Кеміргіштер отряды (лат. Rodentia), Жайратектестер тұқымдасы (Hystricidae), статусы IV санаттағы сирек кездесетін, аз зерттелген түр. Қазақстан фаунасындағы тұқымдастың жалғыз түрі. Мекендейтін жерлері – таудың шатқалдары мен қойнауының теңіз деңгейінен 2000 м биіктіктегі жер бедері ойлы-қырлы аласа таулар мен тау етегінде мекендейді. (ҚР Қызыл кітабы, Алматы, 2010).

 

Тіршілік белгісі көбіне түнде көрінеді. Дене-тұрқының ұзындығы – 80-90 см, орташа салмағы – 13-30 келіге тартады, кейде 25 келіге дейін жетеді. Жайраның түр-түсін денесіне өзгеше шаншыла орналасқан сояудай инелерінен аңғаруға болады. Сол арқылы сытырлаған дауыс шығарып, жауынан қорғанады. Бір қызығы денесіндегі мыңдаған инелердің жалпы салмағы 100 граммдай ған екен. Денесі қоңырқай қара болып келеді. Аяқтары қысқа, ін қазуға арналған тырнақтары мықты (Ана тілі газеті, 2014 ж 13-ақпан).

 

Жайраның қауіпті жаулары – шибөрілер мен қаңғыбас иттер. Десе де, шатқалдарда ұдайы күзету жолға қойылған. Сондай-ақ, үнді жайрасын қолда өсіретін Есік қаласының тұрғыны жайраны табиғатта көбейту мақсатында бірнеше дарағын ұлттық парк аумағына жерсіндіру мақсатында басшылыққа ұсыныс білдірген болатын. Әзірге тек ұсыныс ретінде қалып отыр. Егер іске асатын болса, Зоология институтының биологиялық негіздемесі бойынша ОШ және ЖД комитетінің арнайы рұқсатымен ғана іске асады. ҚР Қызыл кітабына кіретін түрді қорғау, таралуына септігімізді тигізу – міндетіміз.

null     null
ҒЗЖ және ТАБӘ бөлімінің ғылыми қызметкері Жапарқұлов Т.М.

video