Ұлттық парк аумағындағы қабандардың көзге түсуі

2024 жылдың мамыр айында Іле-Алатауы МҰТП, Медеу филиалы, Кіші Алматы орманшылығында қабандар видеоға түсті. Ұлттық парктегі қорғау жұмыстарымен биотехниялық іс-шаралардың (тұз, тұздалған сыпыртқыларды ілу, шөп шөмелелерін дайындау, емен жаңғақтарын қабандарға шашу, тауық тәрізді құстарға арпа шашу) жүйелі жолға қойылғандығынан деп айтуға болады. Кәзіргі таңда қабандардың саны бір қалыпты. Тау шатқалына шыққан демалушылардың көзіне де жиі түседі. Жабайы аңдарды қорғау біздің міндетіміз. Олардың тыныштығын алмауға және зиян тигізбеуге шақырамыз. Видео авторы @roman.kartun