Заңғар көркі – Ілбіс

Ерекше қорғауды қажет ететін және сирек кездесетін аңның бірі – Ілбіс немесе барыс (Unica unica). Ілбіс әлі толық зерттелмеген және зерттеу, табиғи құндылығын білу барысында ізденуді талап ететін, сыры жұмбақ аң. Ілбіс Қазақстан Республикасының және Халықаралық табиғат қорғау одағының (ХТҚО EN санаты) Қызыл кітабына енгізілген. Дүниежүзілік және Қазақстан фауналарындағы туыстың жалғыз өкілі саналады.

 

Іле-Алатау Мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында да ілбістер мекен етеді. Сонымен қатар, аталған аңға есеп санау жұмыстары, ғылыми зерттеу және мониторинг жұмыстары жүргізіледі. Ұлттық парктің тау шатқалдарындағы далалық белдемнен бастап, далалы шалғынды, далалы орманды, субальпі, альпі, нивальді болып бөлінеді. Ұлттық паркте ілбістің жемтік қоры да баршылық. Тұяқтылардан марал, таутеке, қабан, елік мекен етеді. Сонымен бірге кеміргіштерден сұр суыр да мекендейді. Тауық тәрізділерден құр, кекілік, гималай ұлары да жемтігіне жарайды. Ұлттық паркте ілбістердің өсім саны тұрақты, мекен ету орындарында тұрақты тіркеледі. Оларды бақылау үшін, фотоқақпандар пайдаланылады. Ұлттық паркте 35 фотоқақпан, бар, оның 20 данасын БҰҰД бағдарламасы бойынша қайтарымсыз берілген. Негізінен атап көрсетерлік жағдайдың бірі – аналықтарының күшіктерімен кездесуі. Соның ішінде 3 бірдей аланымен кездесу өте сирек ұшырасатын жағдай. Жыртқыштардың күшіктерімен кездесуі 2018-жылдан бері тұрақты тіркеледі. Олар: 2018 ж. 2 аланымен, 2019 ж. 2; 2020 ж. 3; 2021 ж. 3; 2022 ж. 3; 2023 ж. 3 аланымен фотоқақпанға түсті. Шатқалдардың теңіз деңгейінен 2000 м. Биіктігінде қысқы мекен ету орындарына тұрақты мониторинг алаңшалары белгіленіп, жыл сайын маусымдық қоныс аударуына қарай (жазда жоғарғы белдемге көтеріліп кетеді) фотоқақпандар орнатылады.

 

Ұлттық парк Зоология институтымен ғылыми әріптестік келісімшарт жасасып, жүйелі жұмыстар атқарады. Осы уақытта 22 барыстың ID-коды және паспорты бар. Жұмыс авторы ғылыми-зерттеу институты мекемесінің териология зертханасының меңгерушісі А.А. Грачев. Табиғат қорғау мекемесі жабайы жануарлардың әлсіреген кездестірілді. Соның бірі Ақсай шатқалында төмендеп түсіп Ақсай өзеніне «Су бөгеті» құрылысының салып жатқан жұмысшылар орналасқан үй-жай маңын 1 дарақ ілбістің торуылдаған жайы 2023 ж, желтоқсан айында біраз әбігерге салғаны бар. Аталған аңды Алматы хайуанаттар бағына жеткізгенінен әбден қалжырадыы, ауруға шалдыққан жыртқыш көп ұзамай өліп қалды. Сондай-ақ, ұлттық парк аумағында 2 бірдйе ілбіс дарағына (екеуі де аталық) ОШ және ЖД комитетінің Зоология институты мамандарымен бірлесіп, спутниктік телеметрия (қарғыбау) тағылып, табиғатқа қайта жіберілді. Паркте Барысқа арналған ғылыми зерттеу тақырыбы бекітілген. Сонымен қатар, бірнеше ғылыми мақала мерзімді баспасөзге бірқатар ғылыми-танымдық мақалалар жарияланған. Сондай-ақ, парк аумағының ілбістері фильмдерде көрсетіліп, отандық телеарналардан бірталай сюжеттік материал ретінде көрсетілуде. Ұдайы қорғау, сақтау бойынша үгіт-насихат жұмыстары жүргізіледі. Мектеп оқушыларына, студенттерге   дәрістер оқылып, презентациялар көрсетіледі. Қазақстан-Қырғызстан шекаралас мемлекет болғандықтан өткелдің арғы бетіндегі бауырлас елдің Чоң-Кемин атты парктің мамандарымен бірлесіп, Солтүстік Тянь-Шань тауларын қорғау бойынша жобалар қарастырылуда. «Wildlife Without Borders» ҚҚ демеушілігімен Ұлттық парк меншігіне қайтарымсыз 1 дана фотқақпан, флешкарта және батареялары берілді. Ілбісті қорғау, әрі сақтау – міндетіміз.

ҒЗЖ және ТАБӘ бөлімінің ғ.қ Жапарқұлов Т.М.