Жабайы шошқаның

Іле Алатауындағы жабайы шошқалар объективте Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында орнатылған мониторингтік фототұзаққа жабайы шошқаның (Sus scrofa) бірнеше торайының ойнап жүрген сәті ілінді. Бұл көрініс – табиғи экожүйенің тепе-теңдігі мен популяцияның тұрақтылығын білдіретін маңызды белгі. Жүргізілген есепке сәйкес, жабайы шошқалардың Іле Алатауы ұлттық паркі аумағындағы жалпы саны шамамен 1000 дарақты құрайды. Айта кетейік, бұл жануар *Халықаралық табиғат қорғау одағының (IUCN)* тізімінде «еш қауіп төніп тұрмаған» түр (Least Concern, LC) ретінде тіркелген. Табиғат — ортақ байлығымыз! #ІлеАлатауҰлттықПаркі #ЖабайыТабиғат #Экожүйе #Фототұзақ #susscrofa