Эколог-ағартушылар “Жануарларды қорғау” күніне арналған іс шара өткізді

Медеу филиалы Үлкен Алматы орманшылығында орналасқан Аюсай визит орталығында, эколог- ағартушылар мен Аюсай визит орталығының қызметкерлері, мектеп-орманшылығының оқушыларына “Жануарларды қорғау” күніне арналған іс шара өткізді. Оқушыларға ұлттық парк аумағында мекен ететін жануарлар жайлы дәріс сабақ жүргізіп, Үлкен Алматы көліне саяхатқа шықты. Оқушылар фото қақпандарға түскен жануарлардың видеоларын тамашалап, визит орталығының мамандарымен туристік палатка кұрып үйренді.