“Жасыл әлем” ағаш отырғызу акциясы

“Парктер шеруі-2024” табиғатты қорғау халықаралық акциясы аясында Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің эколог-ағартушылары мен ғылыми зерттеу бөлімінің маманы, №188 мектеп гимназиясының «ЭкоӘлем» ұйымының оқушыларымен «Жасыл әлем» ағаш отырғызу акциясын өткізді. Іс-шара барысында мектеп орманшылығының айналасына қарағай ағашын оқушылармен бірігіп отырғызды. Мамандар ағаштарды күту, қалай отырғызу керек екендігін оқушыларға көрсетіп, түсіндірді. Акцияны өткізудегі негізгі мақсат қала тұрғындарын қаланы таза ұстауға, жастарды еңбекке жұмылдыру арқылы, қаланы таза әрі жасыл қалаға айналдыруға шақыру болып табылады. Егерде әрбір қала тұрғыны өз ауласын таза ұстап, егілген ағаш көшеттерінің өсуіне жағдай жасаса, қаламыз бұдан да ажарлана түсетіні сөзсіз.