Жасыл болашаққа бірге қадам!

Экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне назар аударту және жастар арасында волонтерлік қозғалысты дамыту мақсатында “Парктер шеруі” және “Таза Қазақстан” табиғат қорғау акциясы аясында экологиялық іс-шара өтті. Іс-шараға Талғар қаласының білім беру мекемелері – №25 МГ, №42, №36, №24, №18, №19, Т.Рысқұлов атындағы №16, М.Әуезов атындағы №5 жалпы білім беретін мектептер, сондай-ақ «Облыстық жас натуралистер станциясы», Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі Талғар филиалының қызметкерлері белсене қатысты. Оқушылар экологиялық квест ойындарына қатысып, өнерлерін көрсетті, қоршаған ортаның өзекті мәселелерін талқылап, оны шешудің жолдарын ұсынды. Волонтерлік қозғалысты дамыту бағытында өз ойларымен бөлісті.
Акцияға жалпы 270 оқушылар мен ұстаздар қатысты. такырп