2025 жылдың 23 мамыр күні Бостандық аудандық Әл-Фараби атындағы №145 мектеп-гимназия базасында «ЖЕКЕ ҚАУІПСІЗДІК» атты қауіпсіздік туралы ақпараттар жәрмеңкесі тақырып аясында іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты: Оқушыларға күнделікті өмірде кездесетін түрлі қауіп-қатерлердің алдын алу жолдарын үйрету, төтенше жағдайларда дұрыс әрекет етуге баулу, жеке қауіпсіздік туралы білімдерін кеңейту.
Жәрмеңке барысында арнайы дайындалған 7 ақпараттық бұрыш жұмыс істеді. Әр бұрышта оқушыларға нақты қауіпсіздік бағыттары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді, көрнекі құралдар, жадынамалар, сұрақ-жауаптар, интерактивті тапсырмалар төмендегі бағытта ұсынылды.
Спикерлер:Бостандық ауданының Төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы азаматтық қорғау майоры Әмірбеков Асхат Болатбекұлы
Инспектор АП ОАП УП Бостандыкского района аға лейтенант полиции Кенжалин А.Ж
Іле- Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің эколог-ағартушысы Абилова Самал Нарынбаевна және Іле- Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ғылыми-зерттеу бөлімінің маманы Жапарқұлов Тұңғыш Мойынбайұлы
№ 4 Қалалық Емхананың терапевт Аппарбекова Эльмира Бексейтовна, медбике Барат Ғазиза №145 мектеп-гимназияның информатика пәні мұғалімі Серік А.С.
Қорытынды: Арнайы мамандар келіп түсіндіру жұмысын жүргізді.Іс-шара жоғары деңгейде өтті. Оқушылар үлкен қызығушылықпен қатысып, өздерінің қауіпсіздік туралы білімдерін арттырды. Жәрмеңке барысында белсенділік танытқан оқушыларға алғыс білдіріледі. Мұндай іс-шаралар балалардың өміріне қауіпсіздік мәдениетін енгізуде үлкен маңызға ие.
Ұранымыз: «Қауіпсіз орта – жарқын болашақ кепілі!»