Жер сағаты» экомарафоны өтті

«Алматы облысының балалар мен жасөспірімдер спорт туризмі және экскурсия орталығы» мен бірлескен Халықаралық «Жер, орман, су және күн күні!» не арналған «Жер сағаты» экомарафоны өтті. Жер сағаты бүкіл әлемде өткізілетін ең ауқымды халықаралық экологиялық акция. Аталмыш іс-шара жас туристер, жас экологтар, амбасадорлар, экология саласындағы сарапшылар, педагогтар, ерекше қорғалатын табиғи аумақтың қызметкерлері қатысты. Бұл адамзат баласын қоршаған ортаны қорғауға шақыратын іс-шара. Эколог-ағартушы мамандары қатысуымен экология бойынша «Табиғат достары – адамдар» тақырыбында сөз қаралды. Іс-шара барысында қатысушылар философтар мен ғалымдардың табиғат туралы пікірлерін талқылап, «Бір жер үшін бүкіл әлем» манифесін, «Біз біргеміз, бұл біздің күшіміз» флешмобын орындады. «Жер сағаты» акциясының басталу рәсімі арнайы от жағу орнында алау жағумен өтті.