Тауға өрмелеу және альпинизм

Бүгінде Іле-Алатау ұлттық паркі көптеген альпинистердің, сондай-ақ ғаламдық құзға өрмелеушілердің назарын аударып отыр. Және де ол таңқаларлық жағдай емес, себебі ұлттық парк аумағында көптеген бағындыруға болатын шыңдар бар, мысалға: Абай шыңы (4010м.), Нұрсұлтан шыңы (4376 м.), Амангельды шыңы (4010 м.), Молодежный шыңы (4147 м.) және т.б. Шыңға көтерілуден бөлек, Лесничества жартасы, Азия жартастары, және Тұйық-Су альплагерінің жоғарғы жағында үнемі құзға өрмелеушілер жаттығады.



  • slide
  • slide
  • slide
  • slide
  • slide