ҒЗЖ және ТАБӘ бөлімі қызметкерінің ғылыми-танымдық мақаласына республикалық үш газет қызығушылық танытты!

ҒЗЖ және ТАБӘ бөлімі қызметкерінің ғылыми-танымдық мақаласына республикалық үш газет қызығушылық танытты!

Еліміздің табиғи байлығын қорғау, сақтау, молайту және өзгерістерін бақылау бойынша атқарылған жұмыстарды, әрбір ерекше қорғалатын табиғи аумаққа жауапты мекеме қызметкерлері көпшілікке барынша жеткізуге тырысады. Осындай жүйелі жұмыстар Іле-Алатауы МҰТП-де жолға қойылған. Мерзімді баспасөзге мекеме қызметкерлері қызық, әрі ақпараты мол, пайдалы мақалаларды жарияланымға үнемі беріп отырады. Бұл жұмыстардың маңызы ерекше. Ұлттық парк қызметкерлері жасап жатқан еңбектердің еліміздегі маңдайалды баспасөз құралдарына тұрақты шығып отыруы қуантарлық қызмет деп санауға болады. Оның үстіне бұл жұмыстар аталған сала мамандарының шығармашылық табысқа жетуіне үлкен серпін береді. Ақпан айында жазылған бірқатар мақаланың жарияланымға шыққан данасын виртуал оқырман назарына ұсынуды жөн көрдік.

Іле-Алатауы МҰТП ғылыми қызметкері Т.М Жапарқұлов