Көктемде гүл ашатын ажарлы Алатау бәйшешегі

Алатау бәйшешегі (лат. Crocus alatavicus) – құртқашаштар тұқымдасына жататын, түсі күлгін, сары, ақ, кейде жолақ болып келетін түрлі-түсті гүлдерімен әйгілі ерте көктем гүлі. Алатау бәйшешегінің әдетте жіңішке, шөп тәрізді жапырақтары болады. Гүлдері түтік тәрізді орналасқан алты жапырақ тәрізді күлтешелерден тұрады. Өсу жағдайына келер болсақ, бәйшешек өсімдіктері бейімделгіш және әртүрлі жағдайларда гүлдей алады, бірақ олар әдетте жартылай көлеңкеден жақсы құрғатылған топырақ пен толық күнді жақсы көреді. Олар әдетте шалғындарда, тау бөктерінде көп өседі. Ерекшелігі – гүлдері көктемде жиі гүлдеп, қыс айларынан кейін табиғатқа көрік қосады. Халықтың ауыз әдебиеті мен мәдени дәстүрінде бәйшешек гүлі көңілдікті, жастықты, көктемнің келуін білдіреді. Бәйшешектер зиянкестер мен түрлі ауруға салыстырмалы түрде төзімді келеді. Дегенмен, бұл өсімдікке саңырауқұлақ аурулары мен құрттарды қазып жейтін кеміргіштер жиі қауіп төндіреді. Сондай-ақ, Алатау бәйшешегі ҚР Қызыл кітабына енген шөптесін өсімдіктің бірі ретінде, оның табиғи жағдайда өсетін жерлерін қорғау өте маңызды іс. Алатау бәйшешегін заңсыз жұлғаны үшін және әрбір данасына келтірген залал үшін 0,5 АЕК, яғни 1846 тг көлемінде айыппұл салынады. Біз, өсімдіктер жамылғысын зерттейтін мамандар жергілікті тұрғындар мен туристерге бәйшешек пен оның табиғи өсу жағдайын қорғауды талмай насихаттауға мүдделіміз. Бұл жұмысқа сіз де қадірлі оқырман, арнайы қоғамдық қатысулар мен әлеужелі арқылы хабардарлықты жаңарта отырып көмектесе аласыз.

Іле-Алатау МҰТП аумағындағы бәйшешектің жаппай гүлдеу кезеңі наурыз айының басына тұспа-тұс келді. Ғылым бөлімі мамандары Алатау бәйшешегінің жайқалып, жаппай гүлдейтін орнында (теңіз деңгейінен 1010 м биікте) мониторингтік бақылау жүргізу барысында, бәйшешекпен қатар наурыз айының тағы бір көрікті гүлі – қазжуаның да гүлдеу сәтін фотоқұрылғыға түсіріп алды.

Авторы – кіші ғылыми қызметкер Тұрсынбай К.С.