«Қар барысын сақтайық» атты семинар сабақ өтті

«Іле – Алатауы МҰТП» – нің эколог-ағартушылары С.Абилова, Ж.Ниеталиева, «Түргенсай визит орталығында», «Таутүрген негізгі орта мектебінің» оқушыларына, жабайы табиғатта мекен ететін жануарлар соның ішіндегі қызыл кітапқа енген қар барысына арнап «Қар барысын сақтайық» атты семинар сабақ өткізді. Сабақ барысында фото қақпанға түскен видео материалдар көрсетіліп, қар барысы жайлы мәлімет айтылып, викториналық сұрақтар қою арқылы оқушылардың білімдері шыңдалды. Оқушыларға сыйлықтар табысталып, мақтау қағаздарымен марапатталды. Түргенсай визит орталығының мамандары да қатысушыларға өз тараптарынан сыйлықтар беріп, табиғат аясында түскі ас ұйымдастырды. Сабақтың мақсаты оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру, жануарларды қорғауға, олар жайлы білуге, табиғатты аялауға шақыру.