Іле Алатауында Түркістан сілеусіні жаңа шатқалдан тіркелді
Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында орнатылған фототұзақтарға Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген Түркістан сілеусіні (Lynx lynx isabellinus) тіркелді.
Сирек кездесетін жыртқыш тұрақты мониторинг нүктесімен қатар, бұған дейін тіркелмеген өзге шатқал аумағынан да анықталды. Бейнематериалдар жануардың белсенді қозғалысы мен аумақтық мінез-құлқын көрсетеді.
Алынған деректер ғылыми тұрғыда сараланып, дарақтарды жеке сәйкестендіру, қозғалыс бағыты мен мекен ету аумағын зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Ұлттық парк аумағында сирек кездесетін жануарларды қорғау және фототұзақтар арқылы мониторинг жүргізу жүйелі түрде жалғасуда.